Thank you!
We will contact you shortly
Тетік түймеге айналады, ал түйме барлық процесті қашықтан басқарады
Автоматтандыру жүйесі дегеніміз қол еңбегінің бір бөлігін автоматты жұмысқа айналдырып, оны инженерлік және ақпараттық технологиялар саласына көшіретін жұмыстар кешені. Бизнесті автоматтандыру құралдарына, яғни тендерлерден бастап өндірістік процеске дейін қамтитын құралдарға IT шешімдер, бағдарламалық жасақтама, жабдық, робот техникасы, байланыс арналары, желілер және басқалары жатады. Бұл әрбір нақты ұйымға қатысты білімнің ауқымды саласы. Ал бизнес-процестерді автоматтандыру тұрғысынан әдетте бағдарламалық жасақтама мен оған ілеспе аппараттық жабдық (серверлер, VDS, штрихкод құрылғылары, кассалар, электронды баға белгілері, терминалдар, карталар және т.б.) қарастырылады.
Әрине, автоматтандыру жүйелерін енгізудің тәуекелдері бар: мысалы, жүйені жетілдіруді бастап, бюджеттен асып кету, қызметкерлердің қарсылығына, оқытудағы қиындықтарға және бизнес-процестерді қайта құру кезіндегі мәселелерге тап болу мүмкін. Бірақ бұл кез келген тәжірибелі жеткізуші дайын болатын енгізу мәселелері, сондықтан жұмысты бастау ғана қажет.
Аудит
Ең алдымен компанияның бизнес-процестеріне, операциялық қызметіне, сату, жабдықтау және маркетинг бөлімдеріне аудит жүргізу қажет.
Аудит жүргізілгеннен кейін ғана ұйымның құрылымы мен жұмысы туралы толық деректер қолда болады. Сол деректерге сүйеніп, мәселелер анықталып, автоматтандырылған шешімдер енгізіледі.
Сату бөлімі
Көбіне мәселелер дәл сату бөлімінде кездеседі, мысалы:
● Сату бөлімінде клиентпен жұмыс істеудің сату воронкасы жоқ;● Сату бөлімінің менеджерлері өтінімдерді уақытында өңдемейді;● Менеджерлердің клиенттермен ашық сөйлесуіне және қоңырау шалуына кедергі келтіретін психологиялық тосқауылдары бар;● Менеджерлер клиенттердің жағымсыз пікірлері мен қарсылықтарына жауап бере алмайды;● Менеджерлер клиенттің эмоциясын аңғарып, оған жол таба алмайды;● Менеджерлер нейролингвистикалық бағдарламалау мен сату психологиясын меңгермеген;● Менеджерлер клиентті сендіре алмайды.
Біз сату бөлімдеріндегі осы және басқа да көптеген мәселелерді анықтап, әрқайсысын пысықтаймыз. Сату менеджерлеріне арналған бір айлық оқу курсын әзірледік (34 сағат, аптасына 2 рет). Курс Сіздің сату менеджерлеріңіздің біліктілігіне қатысты барлық мәселені шешеді.
CRM
CRM жүйесі шағын және орта бизнесті автоматтандырудың ең танымал құралдарының бірі. Бұрын CRM жүйесі тек сату бөлімін және ішінара маркетингті автоматтандырса, қазір нарықтағы заманауи шешімдердің көбі әмбебап бизнес-комбайндарға айналды.Бүгінде CRM жүйесі автоматтандырудың түсінікті әрі аса қажетті негізгі элементі, әсіресе дағдарыс кезінде және қашықтан жұмыс істейтін команда үшін маңызды.
Біздің клиенттер
ЯЩЕР байланыс деректері
Қазақстан, Алматы, Осипенко көшесі 35а
+7 708 07 07 597
info@yashcher.com
Сұрақтарыңыз бар ма?